Аллергологтар және клиникалық иммунологтар ассоциациясы

ANNOUNCEMENT «ДЕМІКПЕ ЖӘНЕ АЛЛЕРГИЯ» АТТЫ XXI ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМИ ТӘЖІРБЕЛІК КОНГРЕСІНЕ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасы Аллергологтары және клиникалық иммунологтары Республикалық қоғамдық бірлестігі атынан 2021 жылдың 29-30 сәуір аралығында онлайн режімінде, Алматы қаласында өтетін «ДЕМІКПЕ ЖӘНЕ АЛЛЕРГИЯ» АТТЫ XXI  ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМИ ТӘЖІРБЕЛІК КОНГРЕСІНЕ қатысуға шақырамыз.

 «Демікпе және аллергия» ұлттық конгресі әлемдік ғылыми қоғамдастықпен қабылдаған, Қазақстан Республикасының аллерголог-иммунолог мамандарын, басқа да мамандарды  біріктіретін ең ірі кәсіби іс-шара.

«Демікпе және аллергия» ұлттық конгресі ҚР ДСМ-нің 2021 жылғы негізгі шара жоспарына қосылған, сонымен қатар Еуропалық Аллергологтар мен клиникалық иммунологтар  академиясының қолдауымен өтеді.

Конгресс бағдарламасына пленарлық дәрістер, презентациялар, мастер-кластар кіреді.            

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

  • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі.
  • С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті.
  • Еуропалық Аллергологтар мен клиникалық иммунологтар  академиясы.
  • Қазақстан Аллергологтары  және клиникалық иммунологтары Республикалық қоғамдық бірлестігі.
  • Аллергиялық ринит және оның астмаға әсері қоғамдық бірлестігі
  • Молекулалық аллергология және иммунология саласындағы университеттердің халықаралық желісі.

КОНГРЕСТІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  • Аллергологиядағы инновациялар. Молекулярлық аллергология.
  • Бронх демікпесін диагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
  • Атопиялық дерматиттідиагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
  • Аллергиялық ринитті диагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
  • Есекжемді диагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
  • Дәрілік, поствакциналды, инсектті аллергияны диагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
  • Аллергологиядағы шұғыл жағдайлар диагностикасы мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
  • Аллергия және иммунитеттің қарым-қатынасы, екіншілік иммунды тапшылық жағдайлардың диагностикасы мен емдеуіндегі заманауи көзқарастар.
  • Инфекция, иммунитет және аллергия.
  • Вакцинопрофилактика.

Конгресс жұмысына  Еуропалық Аллергологтар мен клиникалық иммунологтар  академиясының өкілі , Medical University of Vienna ,(Austria) , алыс және жақын шет елдердің ғалымдары, сонымен қатар  Қазақстан Республикасының 500-ден астам аллерголог, пульмонолог, педиатр,  терапевт, оториноларинголог мамандары және жалпы тәжірибе дәрігерлері қатысады.

ҚАТЫСУ ТҮРЛЕРІ

1.Ауызша баяндама.
2. Стендтік баяндама.
3. Жас ғалымдарға арналған конкурс.

КОНГРЕСКЕ ҚАТЫСУШЫНЫҢ ТІРКЕЛУ ТҮРІ

Тегі,аты, әкесінің аты_________________________________________________________
Жұмыс орны, лауазымы _______________________________________________________
ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, квалифик.категориясы___________________________
Мекен-жайы ________________________________________________________________
Телефон ________________ Факс ____________

E-mail________________________
 

КОНГРЕСС ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА СЕРТИФИКАТТАР БЕРІЛЕДІ

КОНГРЕСКЕ ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ СҰРАҚТАР БОЙЫНША МЫНА БАЙЛАНЫС ЖЕЛІЛЕРІНЕ ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ:

ХАТШЫ:

Бекмагамбетова Р.Б.

+7 747 327 55 25

+7 705 429 28 05

сайт: https://asthma.kz

 

Ұйымдастыру комитетінің төрайымы,

Қазақстан Республикасы аллергологтары мен клиникалық

 иммунологтары қоғамдық бірлестігінің төрайымы,

Аллергология және клиникалық иммунология

 кафедрасының меңгерушісі,

 м.ғ.д., профессор Испаева Ж.Б.