Аллергологтар және клиникалық иммунологтар ассоциациясы

Құрметті ХХІ Қазақстандық Ұлттық Халықаралық «Демікпе және аллергия» 2021 конгресінің делегаттары мен қонақтары!

Біз сіздерді ХХІ Қазақстандық Ұлттық Халықаралық «Демікпе және аллергия» 2021 конгресіне қарсы алуға қуаныштымыз.

«Демікпе және аллергия» Ұлттық Қазақстандық Халықаралық Конгресс - бұл әлемнің ғылыми қауымдастығы қабылдаған Қазақстан Республикасының аллерголог - иммунолог дәрігерлерін, басқа да мамандық дәрігерлерін біріктіретін ең ірі кәсіби іс-шара.

Конгресс Дүниежүзілік демікпе күні (2021 жылдың 5 мамыры) WAO аптасы қарсаңында өткізіледі, ол биыл анафилаксия аптасына арналған.

Қазіргі уақытта аллергиялық аурулар - әлемдегі бір миллиардтан астам адамның өміріне әсер ететін ең кең таралған созылмалы аурулардың бірі. Соңғы жылдары аллергиялық аурулар көбейіп келеді және 2050 жылға қарай 4 миллиардқа жетеді деп күтілуде.

Бұл конгресстің мақсаты республикада аллергологияның инновациялық аспектілерін молекулалық аллергологиялық диагностиканы тарату арқылы ендіру, сонымен қатар тәжірибелік денсаулық сақтауға өте құнды халықаралық келісім құжаттары негізінде Қазақстан Республикасындағы бронх демікпесі және аллергиялық ринит, атопиялық дерматит, есекжем, инсекті аллергия және аллергияның басқа түрлерімен ауыратын науқастардың заманауи менеджментін талқылау болып табылады.

Біз әлемге әйгілі ғалымдарды, академиктерді және EAACI мүшелерін (Еуропалық аллергологтар мен клиникалық иммунологтар академиясы) және ERS (Еуропалық респираторлы қауымдастық) мүшелерін, халықаралық бағдарламалардың сарапшыларын, Австрия, Ресей, Тунис, Украина, Грузияның жетекші профессорларын қарсы алуға қуаныштымыз.

«Демікпе және аллергия» форумында айтылатын аллергиялық ауруларды диагностикалаудың барлық жаңа инновациялық әдістері мен емі адамзаттың ғаламдық мәселелерінің бірі - демікпе мен аллергияны диагностикалау және емдеу мәселелерін шешуге ықпал етеді.

Конгресс қатысушыларына жемісті ғылыми жұмыстар, Қазақстан Республикасындағы аллергология және иммунология бойынша білім беру стандарттарын жақсартуға бағытталған халықаралық стандарттарға сәйкес келетін маңызды шешімдер қабылдаудан және қарым-қатынастан үлкен әсер алуын тілеймін.

Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі (конгресс аяқталғаннан кейін).

Құрметпен

Конгресті ұйымдастыру комитетінің төрағасы,

«С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ

Сенатының төрағасы,

Аллергология кафедрасының меңгерушісі,

«Аллергологтар және клиникалық

иммунологтар қауымдастығы»

РҚБ Президенті,

м.ғ.д., профессор

Ж.Б. Испаева