Аллергологтар және клиникалық иммунологтар ассоциациясы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ «ДЕМІКПЕ ЖӘНЕ АЛЛЕРГИЯ» АТТЫ XXII ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТӘЖІРБЕЛІК КОНГРЕСІНЕ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасы Аллергологтары және клиникалық иммунологтары Республикалық қоғамдық бірлестігі атынан 2022 жылдың 28-29 сәуірінде, Алматы қаласында өтетін «ДЕМІКПЕ ЖӘНЕ АЛЛЕРГИЯ» АТТЫ XXII  ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТӘЖІРБЕЛІК КОНГРЕСІНЕ қатысуға шақырамыз.

 «Демікпе және аллергия» ұлттық қазақстандық халықаралық конгресі әлемдік ғылыми қоғамдастықпен қабылдаған, Қазақстан Республикасының аллерголог-иммунолог мамандарын, басқа да мамандарды  біріктіретін ең ірі кәсіби іс-шара.

Конгресс бағдарламасына пленарлық дәрістер, презентациялар, мастер-кластар кіреді.                   

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі.

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті.

Еуропалық Аллергологтар мен клиникалық иммунологтар  академиясы.

Қазақстан Аллергологтары  және клиникалық иммунологтары Республикалық қоғамдық бірлестігі.

Аллергиялық ринит және оның астмаға әсері қоғамдық бірлестігі

Молекулалық аллергология және иммунология саласындағы университеттердің халықаралық желісі.

КОНГРЕСТІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  • Аллергологиядағы инновациялар. Молекулярлық аллергология.
  • Бронх демікпесін диагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
  • Атопиялық дерматиттідиагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
  • Аллергиялық ринитті диагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
  • Есекжемді диагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
  • Дәрілік, поствакциналды, инсектті аллергияны диагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
  • Аллергологиядағы шұғыл жағдайлар диагностикасы мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
  • Аллергия және иммунитеттің қарым-қатынасы, екіншілік иммунды тапшылық жағдайлардың диагностикасы мен емдеуіндегі заманауи көзқарастар.
  • Инфекция, иммунитет және аллергия.
  • Вакцинопрофилактика.
  • Біріншілік иммунды тапшылық жағдайлар.      

Конгресс жұмысынаЕуропалық Аллергологтар мен клиникалық иммунологтаракадемиясының мүшелері, халықаралық бағдарламалардың сарапшылары MD, PhD, ассоцирленген профессор Марис Буковскис (Латвия университетінің Медицина факультеті, Латвия), профессор Петр Куна (Лодзь медициналық университеті, Польша), MD, PhD, профессор Майя Готуа (Давид Твилдиани атындағы медициналық университет, Грузия), алыс және жақын шет елдердің ғалымдары, сонымен қатар  Қазақстан Республикасының 500-ден астам аллерголог, пульмонолог, педиатр,  терапевт, оториноларинголог мамандары және жалпы тәжірибе дәрігерлері қатысады.

ҚАТЫСУ ТҮРЛЕРІ

1.Ауызша баяндама.
2. Стендтік баяндама.
3. Жас ғалымдарға арналған конкурс.

ПОСТЕРЛІК  БАЯНДАМАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Өлшемі : Ені - 70 см, биіктігі - 120 см. Жоғарғы бөлігінде жұмыстың атауы орналасады,түзу шрифтпен басылады. Төменде авторлардың тегі, жұмыс орындалған мекеменің атауы  көрсетіледі. Көрнекті (фотосуреттер, диаграммалар, графиктер, блок – сызба және т.б ) және мәтіндік материал арақатынасы - шамамен 1: 1. Мәтінді қаріп 50 см қашықтықта еркін оқылатындай болуы керек. Жұмыстар өзіндік ғылыми зерттеулер мен  оқу-әдістемелік әзірлемелерден дайындалуы керек.

Өткізу мерзімі 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін.

Конгресс жұмысы барысында ең жақсы постерлік баяндама байқауы өткізіледі.

Конгресске қатысу үшін қатысушының тіркеу формасын толтырып, мына мекенжайға жіберу қажет:

Веб-сайт: https://asthma.kz

КОНГРЕСКЕ ҚАТЫСУШЫНЫҢ ТІРКЕЛУ ТҮРІ

Тегі,аты, әкесінің аты______________________________________________
Жұмыс орны, лауазымы_____________________________________________
ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, квалифик.категориясы_____________________
Мекен-жайы ______________________________________________________
Телефон ________________ Факс ____________

E-mail________________________

 

КОНГРЕСС ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА СЕРТИФИКАТТАР БЕРІЛЕДІ

КОНГРЕСКЕ ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ СҰРАҚТАР БОЙЫНША МЫНА БАЙЛАНЫС ЖЕЛІЛЕРІНЕ ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ:

сайт: https://asthma.kz 

Ұйымдастыру комитетінің төрайымы,

«Қазақстан Республикасы аллергологтары мен клиникалық иммунологтары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы,

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің аллергология және клиникалық иммунология кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас балалар аллергологы,

м.ғ.д., профессор Испаева Ж.Б.